Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жаратылыстану пәндері бойынша жобалық тапсырмалардың жіктелуі

Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінде қолданылатын технологиялар мен танысу және педагог қызметкерлермен тәжірибе алмасу мақсатында, 2020 жыл 10 қаңтар күні Шымкент қаласы білім басқармасының «Экологиялық орталығы» КММ базасында ұйымдастырылған семинарда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты,  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушы, ғылым кандидаты Г.Д. Есентуреева  «Жаратылыстану пәндері бойынша жобалық тапсырмалардың жіктелуі» тақырыбында баяндама ұсынды.

     Өз баяндамасында жобалық тапсырмаларды пайдаланудың мақсаты және осы мақсатқа жету барысында, оқушылардың бойында қалыптасатын біліктер мен дағдыларға кеңінен тоқталған. Жобалардың әртүрлілігі мен жіктелуі жеке-жеке мысалдар келтіре отырып, жобаның күтілетін нәтижелері бойынша қалай қорытындылау керектігі көрсетілген.

       Сабақты жоспарлау кезінде бір сабақтың шеңберінде қол жеткізілетін мақсатты Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес ретке келтірген ыңғайлы болатындығына түсінік берілген.

      Қорытындылай келе жаратылыстану циклы пәндерінде жобалық тапсырмаларды қолданудың нәтижесінде жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға бағыттауға, дарынды оқушыларды анықтауға, мектептің ғылыми және әдістемелік жұмысының деңгейін жоғарылатуға болатындығы айтылған.

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушы, ғылым кандидаты Г.Д. Есентуреева