Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мұғалім мәртебесі – мемлекет абыройы

«Мектепке дейінгі тәрбие беру және бастауыш оқыту» кафедрасы қызметкерлері жаңа қабылданған ҚР «Педагог мәртебесі» Заңының жаңашылдықтарына тоқталып, өз пікірлерін білдірді.

Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып саналады. Осы орайда педагог мәртебесін айқындайтын Заң  21 баптан тұрады және  негізгі мұғалімнің кәсіби қызметі, материалдық қамтамасыз ету, жоғарылату, әлеуметтік кепілдіктер, мұғалімнің міндеттері және т.б. құқықтарын қарастырады.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңын жүзеге асыру ұстаздардың құқықтарын кеңейтуге және өзіне тән емес жұмыстан босатуға, жүктемесін азайтуға, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуге, материалды емес және материалдық ынталандыруға бағытталған.

 

«Мектепке дейінгі тәрбие беру және бастауыш оқыту»

кафедрасының меңгерушісі: М.Құдайбергенова