Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Бейнедәрістер байқауында үздік педагогтер марапатталды!

2019 жылғы «Өрлеу» БАҰО-ның бастамасымен ұйымдастырылған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауында үздік педагогтер марапатталды. Түркістан облысы және Шымкент қаласынан Республикалық кезеңге өткен ұстаздарға «Өрлеу» Басқармасы бейнесабағының педагогикалық практикаға және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға зор үлес қосқанын ескере отырып, педагогикалық инновацияларды насихаттауға елеулі әсерін тигізгені үшін алғыс хаттар табыстады. Педагог-оқытушыларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ғылыми-инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., Ахтаев Мұхтар Бексұлтанұлы марапаттады. Марапаттау концерттік бағдарламаға ұласты.

Кәсіби қабілетті педагогтер қауымына өз алғысымызды білдіре отырып, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз! Біз одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз және біздің жобаларымызға қатысуыңыз жақсы дәстүрге айналатынына сенімдіміз!