Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық форум өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚфилиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2019 жылғы филиалдың Жедел жұмыс жоспарына сәйкес «Педагог-зерттеуші» тақырыбында облыстық форум институт базасында ұйымдастырылып өтті.

Форумның мақсаты: бастауыш білім берусаласындағы жаңашыл әдістерді игерген, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін зерттеуші педагогтардың іс-тәжірибелерімен алмасу.

Облыстық форумға  қалалық/аудандық білім бөліміне қарасты коммуналдық мекемелерден 102 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Форум барысында гуманитарлық, жарытылыстану, бастауыш сыныптағы көптілділік бойынша сессиялар жұмыс жасады.

Сессияда мұғалімдер вариативтік оқу жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен ғылыми зерттеу жұмыстарын, қол өнер, шешендікке баулу, тіл дамыту, ментальды арифметика, латын графикасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибелер бөлісті. Сонымен қатар бастауыш сыныптағы көптілділікті енгізу және пәнмен тілді кіріктіріп оқыту қарастырылды.

Нәтижесінде баяндамашыларға институт мадақтамасы мен сертификаттары берілді. Сессияда ұсынылған жұмыстардың жинағын БАҚ беттеріне жарияланды.

М.Калымбет, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы