Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!

2019 жылдың   13 желтоқсаны күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»  тақырыбындағы салтанатты іс-шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараны институт директоры Л.Т.Искакова өзінің құттықтау сөзімен ашты. Іс-шара барысында Л.Т.Искакова мен директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ш.Н.Ергешбаева институт қызметкерлерін ұлы мереке қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның  рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» институттың аға оқытушысы А.Т.Аскарованы  марапаттады. Сонымен қатар, жыл бойына нәтижелі еңбек жасаған қызметкерлерді институттың, «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби ауданы филиалының, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіп одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің  мадақтамаларымен марапаттады.

«Қазақстан» деген ортақ үйімізде, бір шаңырақтың астында барлық ұлттың өкілдері әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыздың дәлелі іспеттес, салтанатты іс-шараға өздерінің ән шашуымен Шымкент қаласының опера және балет театры  Кин Маргарита мен Ә.Мәменов келіп, патриоттық әндерін тарту етті.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі болар бөбектерімізде бұл мерекеге ән шашу мен керемет қойылымдағы биімен келді. Шымкент қаласы №55 «Самал» бөбекжай- балабақшасының дарынды бөбегі Серік Өмірзақ «Мен қазақпын» әнімен көпшілікті тәнті етті.

Арысбаева Ж.А.

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасы