Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

STERM-педагог 2019

2019 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жұмыс жоспарына сәйкес облыстағы робототехника педагогтерінің кәсіби және шығармашылық шеберлігін арттыру, зияткерлік әлеуетін және ғылыми деңгейін дамыту мақсатында «STERM-педагог 2019» тақырыбында облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Түркістан облысы және Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының оқу және сабақтан тыс іс-әрекет аясында робототехникамен айналысатын математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Байқау талаптары бойынша ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  1. Робототехникада шешімдерді қолдану арқылы педагогикалық іс-әрекетті жүргізу әдістеріндегі жаңашылдығы.
  2. Педагогикалық іске адалдығы.
  3. Байқауда ұсынылған жұмыстың әлеуеті мен сапасы.

Екі кезеңде жүргізілген байқаудың қорытындысы бойынша оқ бойы оза шапқан жеңімпаздар арнайы номинациялар, дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

«Менеджмент және ақпараттық

технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары

Г.Батькаева, Г.Садыкова