Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадасы

2019 жылдың 11-12 желтоқсаны аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы  бойынша  ПҚБАИ ҚР Президентінің 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші басымдығын ескере отырып, мұғалімдердің білім беру саласындағы перспективаларын қарастыру және қиындықтарын анықтау мақсатында ұйымдастырылған пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Олимпиада барысында қоғамдық-гуманитарлық және  жаратылыстану бағыттары бойынша білім сайысына барлық аудан, қалалық білім бөлімдерінен І-кезеңнен өткен 181 педагог бақ сынады.

Екі күнге созылған олимпиадада педагогтер қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тіл мамандары өзекті тақырыптарда эссе жұмысын жазып, мәтінмен жұмыс жасады, тест сұрақтарына жауап берді. Жаратылыстану бағыты бойынша байқау үміткерлері пәндері бойынша есептер шығарып,теориялық және тәжірибелік тапсырмалар орындады. Олимпиадаға қатысушылардың орындаған жұмыстарын бекітілген әділ-қазылар алқасының мүшелері берілген ережеге сәйкес, критерийлерге сүйеніп,  жеңімпаздарды анықтады.

      Мұғалімдер арасындағы пәндік олимпиада — педагогтердің кәсіби педагогикалық құзіреттіліктерін арттырып, жаңартылған бағдарлама негізінде терең ізденіске жетелейді. Білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады.

      Нәтижесінде олимпиада ережесі негізінде  жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер тиісті санаттағы дипломдармен марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтай отырып, педагогтердің әлеуетін арттыру барысындағы еңбектеріңіз қашанда абырой биігінен көріне берсін дегіміз келеді!