Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Педагог мәртебесін көтеру маңыздылығын модельдеу

28 қараша 2019 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ оқытушылары мен Түркістан қаласы «Көпсалалы индустриалды-техникалық» колледжімен бірлескен «Педагог мәртебесін көтеру маңыздылығын модельдеу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру аясында ТжКББ ұйымдары мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу, қолайлы білім беру кеңістігін құру.

Семинарға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арнайы пән оқытушылары қатысты.

Семинар барысында «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Г.Рахимжанова «Моделирование актуального имиджа педагога» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Эксперименттік алаңның жұмыс жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушыларының оқу үрдісінде қолданатын жаңа педагогикалық технологиялар мен педагог мәртебесін көтеру маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ПҚБАИ аға  оқытушылары төмендегі тақырыптарда шебер-сыныптар өткізді:

  • С.Карсыбаева — «Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі»;  
  • Н.Сапарова  — «Кәсіптік және техникалық білім беру саласы  бойынша критериалды бағалау»;
  • Б.Бурисова  — «Қосымша білім беру жағдайында колледж оқушыларын кәсіби бағдарлау»;

Семинар нәтижесінде қатысушылар педагог мәртебесін көтеру маңыздылығын модельдеуге қатысты өзара тәжірибе алмасты.

     «Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

кафедра аға оқытушылары С.Қарсыбаева, А.Болганова