Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«4К моделінің үздік педагогі» сырттай байқауы өз мәресіне жетті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес   педагог қызметкерге арналған «4К моделінің үздік педагогі» тақырыбындағы облыстық сырттай байқауы  өткізілді. «Менеджмент және және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген байқауда Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын  жаңарту мен бағдарламаларын іске асыруда білім беру үрдісінде педагогтердің креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті және командада жұмыс істеу дағдылары мен тәжірбиесін дамыту болды. Сырттай  байқауға қатысушылар  екі кезеңде өзара сынға түсті. «Менің тәжірибемнен…»  кезеңінде   сабақ жоспары мен қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімділігін қарастыратын сабақтың бейнежазбасын ұсынса, «Саралау тапсырмалары» кезеңінде   сараланған тапсырмаларды қалай іске асырғаны туралы талдаулар жасады.

  Сырттай байқаудың нәтижесінде  әділқазылар алқасының шешімімен  бас жүлдені   Түркістан қаласы №23 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Каликова Жанар Тамабаевна иеленді.

 

«Менджмент және ақпараттық технологиялар»

 кафедрасының аға оқытушысы Бименова М.Т