Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы

2000 жылдан бастап ОҚО білім жетілдіру институтының шеберхана меңгерушісі. 2010-2012жж. Шымкент қаласы. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының «Көпсалалы көркемдік білім беру кабинетінің басқарушысы.

2012 жылдан - «Өрлеу» БАҰО АКФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы  бойынша ПҚБАИ, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасында меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі 32 жыл.

Педагогика ғылымдарының кандидаты 36 ғылыми еңбектері жарық көрген. 3- әдістемелік құрал, 5 Шығармашыл мұғалім каталогы (журнал) шығарған.

2016 жылдан Алматы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің жанындағы 6Д010000 –Білім беру (педагогикалық ғылымдар) диссертациялық кеңестің және «Нұр Отан» партиясының   мүшесі. Жаңартылған  білім беру бағдарламасы бойынша республикалық тренер, «2000 жылы Облыстың ең үздік қолөнер шебері». Түркістандағы, ӘЗІРЕТ СҰЛТАН мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде тұрған  Ғасыр ожауының авторы. 1984 жылдан бастап шығармашылықпен айналысып бірнеше шәкірттер дайындап және облыстық республикалық көрмелерге қатысып жүлделі орындарға ие болған. Жүйелі түрде ғылыми-практикалық және әдістемелік бағыттағы халықаралық және республикалық, облыстық конференцияларға қатысады. Кафедра меңгеруші Б.Айдарбек кафедраның іс-шарасы ретінде бір респуликалық байқау өткіздіп, екі ғылыми-практикалық конференция, 6 облыстык конференция өткізді.

Облыс әкімінің грамотасы, Басқарманың екі грамотасы, Облыстық, қалалық «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапатталған.

YouTude интернет жүйесінде Айдарбек Бәкіржан. Шебер, Рухани жаңғыру, Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесі, тақырыптарындағы авторлық видеоларын көре аласыздар.

Әдістемелік құралдары:

«Сыныптан тыс жұмыстар үдерісінде сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту» Атырау ҒПК  2015 жыл жинақ.

Оқушыларды ұлттыұ музыкалық аспаптарды жасауға үйрету әдістемесі. 2015ж. Әдістемелік құрал 80 бет.

Жалпы орта білім беретін мектептің кәсіптік бағдар беру оқу сыныбы және шеберханаларды жиһаздау   2015ж.  48 бет.

Мектепке дейінгі даярлық және бастауыш сыныптарына экологиялық таза көмекші құралдар даярлау технологиясы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы Алматы 2015ж.

Ең үздік шығармашыл мұғалім каталог журнал 2013ж

Ең үздік шығармашыл мұғалім каталог журнал 2014ж

Шығармашыл мұғалім каталогы 17.12.2017жыл

Шығармашыл мұғалім журналы 15.02.2019 жыл