Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні

Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» мерекесіне орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ салтанатты жиын –өтті.  Іс-шараға қатысушылар еліміздің егемендік жылдарында қарқынды дамығаны, халықаралық аренадағы беделінің нығайғаны және халықтың әл-ауқатының артқаны, еліміздің айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық табыстарға жету жолындағы Нұрсұлтан Әбішұлының көрнекті рөлін атап өтті.

Институт басшылары ұжымды мерекемен шын жүректен құтықтап, зор денсаулық, бақ-береке, амандық және жаңа жетістіктер тіледі.