Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар

2019 жылдың 28 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық мәдени коннотациялардың тілдік санада құндылықтар әлемін бейнелеу әдісі ретінде қолдануы» атты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинарға ТМД елдерінің жоо профессор-оқытушылар құрамы,  облыстың педагогигалық қауымдастығы өкілдері қатысты. Іс-шараның пленарлық отырысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары, п.ғ.к., Шынар Нальхожаевна Ергешбаева «Білім беру сапасын көтерудің басты шарты – педагогтердің кәсіби өсуі» баяндама жасады.

Мамандар бас қосқан ауқымды семинарда қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттар, тіл мен мәдениет байланысы, көптеген зерттеу еңбектеріндегі тілдегі ұлттық таным, ұлттық құндылықтар сынды мәселер жан-жақты қаралды.