Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық процестер

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың қараша айының 27 жұлдызында  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасында  «Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық процестер» тақырыбында педагогикалық оқулар өтті. Педагогикалық оқулар  – педагогикалық қызметкерлерді ғылыми-зерттеу жұмысына тартудың тиімді тәжірибесін тарату нысаны болып табылады.Осыған орай қазіргі таңдағы білім беру саласындағы басты жаңалықтармен, яғни   мазмұны жаңартылған бағдарламаға көшудің тиімді тұстары мен білім беру қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.

      Іс- шараның міндеттері:

  • заманауи білім беруді дамытудың мақсатты бағыттарын іске асыру мәселелерінде озық педагогикалық тәжірибені анықтауға, жинақтауға және таратуға ықпал ету;
  • білім берудің өзекті мәселелерін қоғамдық-кәсіби талқылауды ұйымдастыру;
  • педагогтердің ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыруға және жетілдіруге жәрдемдесу;
  • педагог қызметкерлердің өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі іске асыруы үшін жағдай жасау.

Педагогикалық оқуларды өткізу педагогикалық ғылым мен тәжірибені біріктіруге, білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметті мақсатты дамытуға, педагогтердің инновациялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.О.Мусабеков бүгінгі облыстық педагогикалық оқуларға қатысушыларды  құттықтап, «Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық процестер» тақырыбындағы  облыстық  педагогикалық  оқуларының  мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту, гуманитарлық және жаратылыстану пәндері   бағытының күн тәртібімен  және  баяндамашылармен таныстырды.

Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді.

Педагогикалық оқуларда педагогтер кәсіби қызметте заманауи тиімді әдістерді қолдану бойынша жеке жұмыс тәжірибесін ұсынды. Ұсынылған баяндамалар өзекті, ғылыми болды, онда әр қатысушының таңдаған тақырыбы бойынша жеке тәжірибесі, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың нәтижелері мен идеялары ескерілді, мәселелердің өзектілі  анықталды және оларды шешудің жолдары көрсетілді. Іс-шара іскерлік және жылы қарым-қатынаста өтті. Қатысушылар ұсынылған материалдардың жоғары кәсіби деңгейін және практикалық маңыздылығын атап өтті. Баяндамашылардың ішінде пән мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері болды.

Педагогикалық оқулар соңында қатысушылардан кері байланыс алынды. Кері байланыс барысында мұғалімдердің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Барлық қатысушыларға педагогикалық оқулар туралы ұтымды ой, құнды дүниелер алғанын ортаға салды.

Кафедраның а.ш.к аға оқытушысы  Г.Есентуреева бүгінгі секция жұмысында құнды баяндамалар тыңдағанын, барлық мұғалімдердің арнайы дайындықпен келгендігіне көз жеткізгендігін атап өтті.

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі М.Мусабеков аудан, қаладан келген  озық тәжірибелі баяндамашыларды мазмұнды баяндамасы үшін 24 мұғалімді марапаттады.

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы