Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Тілдік құзіреттілікті дамытуда педагоикалық тәсілдерді тиімді қолданудың маңызы

2019 жылы  қараша  айының 22 күні «Өрлеу» БАОҰ» АҚ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ПКБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының жоспарына сай Кентау қаласы №10 ЖББОМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында  «Тілдік құзіреттілікті дамытуда педагоикалық тәсілдерді тиімді қолданудың маңызы» тақырыбында шебер сынып  ұйымдастырылып өткізілді.

Шебер сыныптың мақсаты – мұғалімдердің сабақ жоспарлау тәжірибесінде сабақ мақсатына сай тиімді әдістерді тапсырмалармен ықпалдастыра алу дағдыларын дамытуға ықпал ету.

Мұғалімдер тілдік әр дағдыға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) байланысты мақсатты таңдап ұсынылған бірнеше дайын тапсырмалар мен әдістердің ішінен сол мақсаттқа сай келетінін анықтап, неге сол нұсқаны таңдағандарын түсіндірді. Әрі қарай берілген мақсатқа қол жеткізуге болатын өз тапсырмалары мен әдістерін ұсынды.

             «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Махатаева Ж.