Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Республикалық семинар-кеңес

2019 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «2018-2020 жылдарға арналған латын графикасына деңгейлеп көшу іс-шараларының» жұмыс жоспарына сәйкес «Латын әліпбиін ендіруге байланысты бастауыштың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық оn-line семинар-кеңесі ұйымдастырылды.

Семинар-кеңестің мақсаты: латын әліпбиін ендірудегі өзекті мәселелерді, сонымен қатар тілдік дағдыларды қалыптастыру барысындағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын қарастыру.

Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері,Түркістан, Кентау, Арыс, Сарыағаш, Ордабасы, Түлкібас, Мақтарал, Төлеби  аудандық, қалалық  білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты.

Республикалық онлайн семинар-кеңесті институт директорының ғылыми әдістемелік орынбасары Мұхтар Бексұлтанұлы өз сөзінде семинарға сәттілік тілеп ұсыныстар мен пікірлерді беріп отыруларын сұрады.

Семинар барысында  келесі баяндамашылар өз іс-тәжірибелерін ұсынды:

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Азбердиева Нағима Аббасовна латын графикасының шығу тарихына терең тоқталып құнды баяндама жасады.«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚБАИ» «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»  кафедрасының  аға оқытушысы Жамантаева Карашаш Калшеновна, Петропавл қаласы «С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Атакулова Гүлнұр Садуақасқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ, «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушылары Айткенова Мөлдір Болатовна, Сулейменов Мұратбек Балтинович, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ, «Мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім береу» кафедрасының  аға оқытушысы Курмашева Несипкул Жайшибековна, Садибекова Мадина Онгаровна және Шымкент қаласы  №60 жалпы орта мектебінің директоры Сахова Мөлдір Бекбосынқызы, бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Рабиға Бекмурзаевна.

Семинар кеңестің соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынды, мұғалімдер толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды, мысалы, №60 жалпы орта мектебінің баяндамашысына — авторлық бағдарлама құрастырдыңыздар ма? Егер құрастырсаңыз кім бекітті? деген сұрақтар қойылды. Семинарға қатысушылар латын әліпбиін ендірудегі өзекті мәселелері  аясында ұсыныстар және пікірлер айтты.

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы М.И.Қалымбет