Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

IX-шы Халықаралық «Аймақтық мектеп» жұмысы

2019 жылдың қараша айының 18-22 жұлдыздары аралығында Қырғызстан Республикасы Ош қаласында Аз санды ұлттар жоғары комиссарының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ), ҚР  Білім және ғылым министрлігі, Қырғызстан Республикасы ООН (ЮНИСЕФ) балалар фонды және ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріндегі кластерлік бюросы қолдауымен «Ана тілі көптілді білім берудің негізі ретінде: сапасы мен тұрақтылығы» тақырыбындағы  халықаралық «Аймақтық мектеп» өтті.

Халықаралық  мектеп жұмысының негізгі мақсаты: көптілді білім беру бағдарламаларын еңгізе отырып, көптілді және көпмәдениетті білім беруді интеграциялау, тұрақты дамыту, тәжірибе алмасу, қосымша ресурстық материалдар дайындау.

Міндеттері: мемлекеттік тілді меңгерудің тиімді жолдарын қарастыру және тілдің түрлілігін  сақтау мен полиэтникалық қоғамға кіріктіру, білім беру менеджерлері мен практиктеріне көптілді және көпмәдениетті білім беру, пән мен тілді кіріктіріп оқыту (СLIL), жоғары оқу орындарында көптілді мамандарды дайындау мәселелерін қарастыру, көптілді мектепте жұмысты ұйымдастырудың ерекшіліктері негізінде тәжірибе алмасу.

Халықаралық мектеп жұмысына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия, Балтық елдерінен 90 астам көптілді білім беру саласындағы мәселелерімен айналысатын мамандар, оның ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ өкілдері қатысты. Халықаралық мектептің бағдарламасына сайкес жұмыс түрлі бағыттарда өтті: тақырып аясында пленарлық және секция отырыстары,  шығармашылық және шебер сыныптар, жәрменке, тәжірибелік сабақтар мен көптілді мәселелеріне тиісті көрме ұйымдастырылды.

Халықаралық мектеп жұмысы барысында жоғары оқу орындарында пән мен тілді кіріктіріп оқытудың негізігі қағидаттары мен мәселелері, тілді дамытуда кіріктіріп оқытудің ерекшеліктері, көптілді білімді жоспарлаудың тиімді әдіс–тәсілдері, екінші тілде оқытуда тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру, көптілді білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мәселелеріне қатысты  іс-шаралар ұйымдастырылды. Пәндерді ана тілінде және екінші, үшінші тілдерінде оқу қосымша ақпаратқа, жаңа перспективаларға, басқа мәдениеттерді барынша терең түсінуге мүмкіндік береді, сондықтан қатысушылар  пәндер мен тілдерді кіріктіріп оқыту тілдердің қолдану аясын кеңейтінін айқындады.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты қызметкері М.Мусаева «CLIL методикасы бойынша тілдік квест» тақырыбында шебер-сынып өтті. Институт қызметкері басшылығымен  бастауыш сыныптар секциясы жұмыс атқарып, «CLIL методикасы негізінде қосымша дидактик ресурстар» дайындалып, қорғалды. Бұл материалдар М.Мусаеваның халықаралық деңгейдегі  «CLIL методикасы бойынша сабақты жоспарлау» көмекші құралына енгізілді.

Халқаралық мектеп  қатысушылары білім беру жүйесін жаңғыртудағы өзекті мәселенің бірі – көптілді білім беру тұжырымдамалары бойынша ойларын ортаға салып, ұсынымдар қабылданды және қатысушыларға халықаралық дәрежедегі сертификаттар тапсырылды.

 Мусаева М., «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту»

кафедрасының аға оқытушысы