Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қалалық диалог алаңы

2019 жылдың 22 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының 2019 жылғы жоспарына сәйкес «Іздену, зерттеу табысқа жетелейді» тақырыбында Шымкент қаласы №85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында қалалық Диалог алаңы өтті.

 Диалог алаңының мақсаты: бастауыш сыныптағы білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасындағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді оқу мақсатына тиімді қолдану жолдарын ұсыну, тәжірибе алмасу.

Іс-шара барысында «Іздену, зерттеу табысқа жетелейді» тақырыбында аға оқытушы Мынбаева А. баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттарды қолдау, жаңартылған білім беру жүйесінде жаңа идеялармен жұмыс жасаудың маңыздылығы айтылды.

«Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі» тақырыбында Шораева У. пікірталас жүргізіп, бастауыш сынып мұғалімдерімен қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жасақтаудың жолдарын ұсынды.

Диалог алаңға қалалық мектептердің бастауыш сынып пән мұғалімдері өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысты.

Диалог алаңына өз тәжірибесімен №87 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ердес Эльмира «Белсенді оқу – табысты сабақтың алғышарты» тақырыбында панорамалық сабақ ұсынды. Сондай-ақ №47 мектеп-гимназиясының мұғалімі Егембергенова Айжан жаңаша үлгідегі сабақта саралаудың жолдарын ұсынып өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Диалог алаңы бастауыш сынып мұғалімдері үшін мазмұнды болды, себебі педагогтерге өз тәжірибесімен бөлісулеріне, сонымен қатар қысқа мерзімді сабақ жоспарлау барысында әр түрлі белсенді әдіс-тәсілдермен танысуларына мүмкіндік берілді.