Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мектептегі әдістемелік бірлестік жұмысын реттеу

  Әдістемелік бірлестіктер жұмысының мазмұны алуан түрлі, олар оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін,оқушылар білімінің сапасын көтеру,өзара тәжірибе алмасу  жолдарын жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату мәселелерін қызу талдайды. Сондай-ақ пән бірлестіктерінде жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалардың тәжірибелік нұсқаларын зерттеп, талқылайды. Бірлестіктердің әрқайсысы өз құзыры шегінде пәндер бойынша түрлі шығармашылық бақылау жұмыстары мен деңгейлік тапсырмаларды жасап құрастырады, оның тиімділігін өз іс-тәжірибелері барысында сынап, тексереді.

  Әдістемелік бірлестікте жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру,оны мектеп ішінде кеңірек тарату жұмыстары міндетті түрде іске асырылуы тиіс жұмыстардың бірі болып табылады. Әдістемелік бірлестік төрағаларының жұмысы әдістемелік бірлестіктердің өткен жылғы жұмысына талдау жасау негізінде, жаңа жылға қойылған міндеттер, өткізілетін қалалық, аумақтық және жалпы мектептік іс- шара жоспарлары, ағымдағы жылға мектептің оқу тәрбие және әдістемелік жұмыс жоспарлары негізінде құрылады. Келесі берілген ақпарат міндетті Әдістемелік бірлестік жетекшілерінде болатын құжаттар. Әдістемелік  бірлестік жетекшілері құжаттамалары жөніндегі ақпараттар.

  1. Әдістемелік Бірлестік жоспары.
  2. Әдістемелік Бірлестіктің отырыстарының хаттамалары.
  3. Әдістемелік Бірлестіктің және сол бірлестіктің мұғалімдерінің жарты жылдық есептері.
  4. Мұғалімдер жөніндегі ақпарат.
  5. Оқыту жөніндегі жүргізіліп отырған бағдарламалардың,оқулықтар тізімінің болуы.
  6. Бақылау, зертханалық және практикалық жұмыстардың кестесі.
  7. Оқу кабинеттері(дидактикалық материалдармен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталуы)туралы ақпарат.
  8. Бақылау жұмысының материалдары.
  9. Пән онкүндіктерінің материалдары.
  10. Пән олимпиадаларының материалдары.
  11. Кабинеттерге төлқұжат беру кестесі.
  12. Біліктілікті арттыру курстарынан өтудің кетесі.
  13. Мұғалімдерді аттестацияға даярлау материалдары.
  14. Кіші ғылым академиясы жұмысының материалдары.
  15. Жас мұғалімдермен жұмыс жұргізуге қатысты материалдар.
  16. Қазақстан Республикасындағы жаңа буынға арналған оқулықтарды сынақтан өткізудің материалдары
  17. Эксперименттік жұмыс жөніндегі материалдар(жаңа технологиялар,арнайы курстар…)
  18. Оқушылардың түрлі байқауларға қатысуының материалдары .
  19. Мұғалімдер байқауларына қатысудың материалдары.
  20. Мұғалімдердің марапатталуы жөніндегі мәліметтер.
  21. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін талдап қорытудың материалдары.
  22. Мұғалімдер семинарлары туралы материалдар.
  23. Мұғалімдердің диагностикалық картасының болуы.
  24. Кәсіби біліктілік деңгейін өзіндік бағалау картасының болуы.
  25. Мұғалімдердің баяндамалары.
  26. Мұғалімнің сабаққа қатысты әзірлемелері.

Әдістемелік бірлестіктің іс — қағаздар номенклатурасы

  1. Бұйрықтар, Әдістемелік бірлестікті құру туралы бұйрық пен ережесі. әкімшіліктің шешімдері –(педсовет, т.б.).
  2. Әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамасы.
  3. Әдістемелік бірлестік туралы ереже. Лауазымдық нұсқау .
  4. Атқаратын функционалдық міндеттері .
  5. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары және перспективалық жұмыс жоспары.
  6. Әдістемелік бірлестіктің жылдық есебі.
  7. Әдістемелік бірлестіктің құрамы (рет саны, аты-жөні, туған жылы,айы, күні, білімі- институты, факультеті, мамандығы, жалпы өтілі, педөтілі, осы мектептегі педөтілі, лауазымы, санаты, марапаттаулары, мекен жайы).
  8. Әдістемелік бірлестік іс- қағаздар номенклатурасы.
  9. Әдістемелік бірлестік портфолиосы.

                   «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Р.С.Пердебаева