Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың іргетасы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және  Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»  кафедрасының аға оқытушысы Жорабекова Гульнур Абдукадыровна 2019 жылдың 20 қараша күні Шымкент қаласы № 97 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында «Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың іргетасы» тақырыбындағы облыстық семинар өткізді.

Облыстық семинар кафедраның жұмыс жоспарына сай ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: латын әліпбиін ендірудегі өзекті мәселелер мен тілдік дағдыларды қалыптастыру барысындағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және  Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  директорының орынбасары М.Ахтаев кіріспе сөзбен ашып,  Елбасы  Н.Ә. Назарбаев « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, «Латынға көшудің терең логикасы бар, латын әліпбиіне көшу мемлекетіміздің барлық саласы үшін іске асылырып жатқан бағдарламалардың маңыздылығын баяндап берді.

Г.А Жорабекова «Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам» баяндама жасап, №97 жалпы орта білім беретін мектептің орта буын және бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе алмасу барысында алты ашық сабақ  және  химия пәнінен командалық сабақ көрсетті.

 №97 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Р.Т Калыбекова, К.Утегенова облыстан келген педагогтермен « Метатанымдық  дағдыларды  дамыту табысты оқытудың кілті» тақырыбында коучинг өткізді.

Семинар соңында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»  кафедрасының аға оқытушысы Г.А Жорабекова қорытындылап, әрбір семинар өз жұмыстарымен тәжірибе бөліскен мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін одан ары шыңдай түсуге, латын әліпбиіне қайта оралу туралы бүгінгі семинарды  осындай өзекті мәселе бойынша жиі өткізу арқылы да әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігін туғызып, елімізде латын әліпбиіне көшу таяу арадағы стратегиялық жоспар екендігін және оны іске асыру жолдарында ат салысу керек екендігін айттылып, мұғалімдерден кері байланыс алынды.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»  кафедрасының аға оқытушысы Жорабекова Г.