Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оқу білім бұлағы

  89 2015 жылдың 25 қыркүйекте «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедра қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, білім беру ресурстарына (функционалдық сауаттылығына) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін педагог-ұйымдастырушы және балаларға қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында on-line режимінде «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда педагог-ұйымдастырушы және балаларға қосымша білім беру педагогтерінің  қызметі» атты облыстық семинар өткізілді.

90  Семинарға қатысқан аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық білім ұйымдарының қосымша білім беру педагогтері және педагог-ұйымдастырушылары ОҚО бойынша ПҚБАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ш.Н.Ергешбаеваның «Оңтүстік Қазақстан облысындағы қосымша білім берудің мәселелері», ПҚБАИ тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушылары З.А. Айнабекованың «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері»,А.М.Естемирова«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын айқындау», Кентау қаласы, №19 Ә.Молдағулова атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Т.Шокеманованың «Оқу процесінде қосымша білім беруде және ұйымдастыру қызметін жоспарлауда заманауи көзқарастар», т.б. баяндамаларында  айтылған  қосымша білім беру үдерісін жоспарлау және ұйымдастырудағы заманауи көзқарастар, қағидалар мен формалары туралы мәселелерді қарастырды. Семинар жоспарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда бүгінгі күн педагогінің негізгі қызметі, белгілі жаңашыл-педагог В.Ф. Шаталов сипаттағандай, мұғалімнің функциясы тек дерек көзі болып қалу емес, сонымен қатар оқушының оқымауға мүмкіншілігі болмайтындай  жаңаша  таным процесін білім беру мен тәрбие саласында қалыптастыру жөнінде семинар ұйымдастыруда мынындай дәрежеде, нәтижелер күтіледі;

-өз қызметіне мақсат қоюға

— жоспарлауға, жинақтауға

— қорытындылауға, салыстыра  дәлелдеуге

— сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

— өзін-өзі бағалауға

— өзін-өзі реттеуге

— өзін-өзі түсінуге

— өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

— нені меңгергенін,нені меңгермегенін анықтауға

— өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.

  Семинардың практикалық бөлімінде Шымкент қалалаық қосымша білім беру педагогі Л.Касимова «Мектеп театр педагогикасы» тақырыбында шебер-сынып ұсынды. Шебер-сыныптың мақсаты – театр өнері құралдары арқылы оқушыны тұлға ретінде тәрбиелеу және функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын қарастыру. Сонымен қатар шебер-сынып «Мектеп театр педагогикасы» терминін мектептің білім беру процесіндегі коммуникативтік қабілетін дамытумен, қиял мен ойды ұштаумен, театр өнерімен байланысты құбылыс ретінде қарауды ұсынады. Семинар өз дәрежесінде ұйымдастырылып,  мектеп мұғалімдеріне практикалық көмек көрсетілді. Қорытындылай келе, жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, саналы да, сапалы білім нәрімен сусындату өте маңызды дегім келеді. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы жаңа ғасыр мұғалімі алдында үлкен жауапкершілік бар. Себебі, алдыңызға келген бүлдіршіндерді топтастырып, бірізділікке салу, тіл табыстыру.

«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы А.Естемирова