Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологтың ролі» атты облыстық он-лайн режиміндегі семинар

   112«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының жылдық жоспарына сай 2015 жылдың 26 қазанында «Инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологтың ролі»  тақырыбында он-лайн семинары өткізді.

  Семинардың мақсаты: психологтын жағдайындағы инклюзив психологтын қызмет жүйесін дамыту.

  Он-лайн режимінде өтілген семинарда қатысушылар дефектолог-логопед мамандарының лауазымдық міндеттерімен, зерттеу және түзету жұмыстарының мазмұнымен танысты. Семинарға қатысушылар қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелер бойынша институт мамандары мен аға оқытушыларының баяндамаларын тыңдап, сұрақтарын қойды. Семинарға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, логопункт жағдайында логопедиялық қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып  қызмет түрлерін көрсету тиімділігін айтып кетті.

  Баяндамашылардың іс-тәжірибесімен танысқан on-line семинарға  қатысушылар нәтижесінде логопункт жағдайында мұғалім-логопедтің лауазымдық нұсқаулары, тіл кемістігі және оның себептері, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, тұтықпаны түзетудің әдістері жайында білімдерін кеңейтті.