Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Халықтар достығы — ел бірлігі

2019 жылдың 1 қарашасында  Шымкент университеті базасында  2018-2019 жылдары Қазақстанда Өзбекстан жылы және Өзбекстанда Қазақстан жылына орай  Халықтар достығы-ел бірлігі”  тақырыбында  мерекелік кеш ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған іс шараға Н.Досметова   —    Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы төрағасының орынбасары, М.Мусаева — «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚБА институтының аға оқытушысы,  Н.Шомадиева — өзбек бастауыш сынып оқушыларына арналған «Узбек тили», «Адабий уқиш» оқулықтарының авторы және университет әкімшілігі мен студенттері қатысты.

Мерекелік кештің ашылу салтанатында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚБА институты аға оқытушысы құттықтау сөз сөйлей отырып, екі ел басшыларының шешімін жүзеге асыру аясында экономика, туризм, мәдени-гуманитарлық салаларда 200-ге тарта жоспарланған  іс-шараларды  жүзеге асқандығы, бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізгіп,  халықтарымыздың ғасырлардан келе жатқан, тамырлары ортақ тарих, ата-бабаларымыздың бай рухани мұрасымен ұштасқан қатынастарының нағыз бауырлас сипатын танытып отырғандығы мен екі елдің дүниетанымы, дүниеге көзқарасы, мәдениеті, діні мен дәстүрлері ортақ екендігі туралы сөз сөйледі.

          Сондай-ақ, мерекелік кеш барысында  облыстық  өзбек ұлттық драма театр қызметкерлері және университет студенттерінің тарапынан дайындалған концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту»

кафедрасының аға оқытушысы

 М.Мусаева