Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

2019 жылдың 6 қарашасында Шымкент қаласы, «Өрлеу» мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби  аудандық филиалының «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ, №62 жом, РГП «Су метрология», үштілді оқыту мектебі, №1 «Әлем» бала-бақшасы, №10 спорт мектебі, №8 «Ботакөз» бала-бақшасы, облыстық өлкетану мұражайы, «Асылтас» ЖШС  «Nur Otan» партиясының мүшелері қатысты.

Жиналыс  жұмысына «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық  филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Тлеубергенов Данияр Ізбасарұлы арнайы қатысты. Данияр Ізбасарұлы еліміздің білім беруді дамыту саясатының барлық реформалары мен оң өзгерістері бәсекеге қабілеттілікті арттыруда адами ресурстың маңыздылығын түсіндіру арқылы сипатталатынын, біліктілікті арттыру жүйесі педагогтердің құзыреттілігін қолдау мен дамуын қамтамасыз етудегі міндеттемелерді табысты іске асыруда маңызды және шешуші рөлді атқаратынын аса атап өтті.

          Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Қазақстан Халқына Жолдауында аталған «Нұр Отан» партиясының елдің жетекші саяси күші ретінде күрделі де жауапты міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

      «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының   төрағалығына «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы бірауыздан сайланды. Сонымен қатар «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының Саяси кеңес Бюросының  жаңа құрамы бекітілді.

      Лаура Тұрлыбекқызы! Сізді «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының төрайымы болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз білімді, іскер, тәжірибелі басшы ретінде Елбасымыздың барлық маңызды тапсырмаларын орындауға, партия филиалының жұмысын одан әрі күшейтуге ерекше ықпал ететініңізге сенімдіміз.