Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Өнегелі өмір, өшпес мұра

Елбасымыздың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,  ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында  01.11.2019 жылы «Өнегелі өмір,  өшпес мұра» тақырыбында  Түркістан  өлкетану мұражайында  музейге сый тарту акциясы сол мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  курстан өтіп жатқан  «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің мұғалімдері мен жас ұландардың қатысуымен  өте жоғары деңгейде өткізілді.

      Осы акцияға  арнайы шақырылған Қазақ қоғамдық бірлестігінің президенті, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалері, «Әскери ерлігі  үшін» медалінің иегері  Жаңабаев Асылхан Хамитұлы қатысып, жастарға өнеге болар  тәрбиелік құнды баяндама жасап,  ерекше үлгімен әзірленген әлем тарихынан орын алған ұлы тұлғалар, атап айтсақ ұлы тұлға Төле би, ұлы хандар — Жәнібек пен Керей, Сақ патшайымы –Томирис, ұлы жаулап алушы — Шынғыс хан, атақты Ғұн басшысы – Едіге, ұлы қолбасшы Александр Македонский, Франция императоры Наполеон Бонопарт және ежелгі философ Конфуций есімдермен аталған ордендерін музейге сый ретінде табыстады.

 

             «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Токеев Б.Е.