Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Тәжірибелі семинар — сабақ өткізілді

2019 жылы 3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы  Естемирова А. курс барысында Шымкент қаласы, № 46 «Ақбөпе» бала-бақша әдіскері Падашова Гульмира Абжапбаровнамен бірлесе ұйымдастырылған  «Музыкалық қызметкердің ата-аналармен жұмыс бойынша іс-әрекеті» тақырыбында көшпелі тәжірибелі семинар — сабақ өткізілді.

Ондағы мақсат мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өзара қарым-қатынасы, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тыңдаушы тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғысынан өзгерту, оның рухани-адамгершілік әлеуетін ашу, педагогикалық кадрлардың ұйымдастырушылық басқару мәдениетін жетілдіру, оларды шешудің нақты жолдарын табуға болаты жөнінде әдістемелік көмек көрсетумен жалғасын тапты.

                                                                               «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының аға оқытушысы ЕстемироваА