Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жеңісті жақындатқандар

  108 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына сынып жетекшілер  курсына  біліктілігімізді  арттыруға келдік. Курс барысында 20 қазан күні облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Жеңісті жақындатқандар» атты  облыстық форумға кітапхана бөлімінің бастығы З.С.Сейтқазиева мен курс кураторы С.Д.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен қатыстық. Онда облыстық Ұлы Отан соғысы  ардагерлер кеңесінің төрайымы Ү.Айтөреева, соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері, жазушы  Мархабат Байғұт қонақта болды. Кеште ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, мектеп оқушылары, колледж  студенттері, әскери бөлім сарбаздары өз өнерлерін  көрсетті. Біз осы әсерлі кештің куәсі болдық. Кеш өте қызықты  да тартымды өтті.