Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сындарлы оқытуда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту жолдары

  159Ойлау, оқу жолы – ең парасатты жол, Еліктеу, ұқсау жолы – ең оңай жол. Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу, Тәжірибие жинау жолы – ең ащы жол, — демекші Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінде 14.10.2015 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ – мен бірлескен облыстық әдістемелік семинар өтілді. Семинардың басты тақырыбы «Сындарлы оқытуда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту жолдары: мүмкіндігі мен кедергілері» болды. Мұндағы іс-тәжірибиенің негізгі мақсаты жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерте отырып, ұлттық құндылығымызды бағалайтын өзгермелі заманға бейім, білімді де білікті жеке тұлғаны қалыптастырудағы заманауи мұғалімнің рөлін қалыптастыру. Біздің міндетіміз еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, кез-келген жағдайда өмірдің әр түрлі кезеңдерінде шешім қабылдай алатын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру және де оқушының танымдық іс-әрекетін дамыту жолдарын анықтай отырып, біріккен сабақтардың тиімділігін көрсету болды. Осы аталған мақсат – міндеттерді мұғалімдеріміз, іс – тәжірибие барысында көрсете білді.

160  Семинардың өтуіне өз үлестерін қосқан басқа да аудандардың мұғалімдері болды, атап айтқанда Арыс ауданынан Аққала жалпы орта мектебінің ІІІ деңгейлі физика пәнінің мұғалімі Э.Тынысбекова, Шардара ауданынан Достық жалпы орта мектебінің ІІІ деңгейлі биология пәнінің мұғалімі Т.Саухимова сабақта өз іс-тәжірибиелерімен бөлісті. Ауданымыздағы басқа да мектептерден келіп өз білімдерімен бөліскен мұғалімдер аз болған жок, олар І.Есенберлин жалпы орта мектебінің ІІ деңгейлі және ІІІ деңгейлі 4 мұғалімі, Е.Ерназаров жалпы орта мектебінің І деңгейлі және ІІІ деңгейлі 4 мұғалімі, Тәуке хан жалпы орта мектебінің ІІІ деңгейлі 2 мұғалімі, Жамбыл жалпы орта мектебінің ІІІ деңгейлі 2 мұғалімі, Батсу жалпы орта мектебінің ІІІ деңгейлі 1 мұғалімі, Ысмаилов жалпы орта мектебінің 1 мұғалімі  және осы семинар өтілген Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің І деңгейлі 1 мұғалім, ІІ деңгейлі 1 мұғалім, ІІІ деңгейлі 6 мұғалім сонымен қатар 5 тәлім алушы мұғалімдер сабақ өтті.

  Семинарға облыс көлемінде әр аудандардан келген 50 – ге жуық мұғалімдер қатысты. Сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ Денгейлік орталығынын халықаралық дәрежедегі сертификатталған тренерлері Исмаилова Урхия, Кужимова Жаңагүл, Ибрагим Индира, Жанисбек Ләззат келіп қатысты. Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Б.Бекпейісов пен З.Естемесова келіп семинарды ашып берді. Келесі сөз тізгінін мектеп директоры И.Рүстембеков мырза алып, мектеп тарихы мен сапалық құрамын, мектепте жүріліп жатқан жұмыс барысымен таныстырып өтті. Семинар барысында ұйымдастырушылық қабілетімен ерекше бағаланған Қараспан аймағының модераторы ІІ деңгейлі мұғалімі Қуанышбекова Алмагүлді облыстық алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар мына төмендегі мұғалімдердің сабақтарын ерекше атап өтіп, сабақты өмірмен тығыз байланыстыра өткен шеберліктерін, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары деңгейде екендігін, кез-келген жағдаяттан шешім қабылдап шыға алатын шәкірт тәрбиелеп жатқанын атап айтты, олар биология пәнінің мұғалімдері Есенбай Бақберген мен Даужан Шынар, Пазылбекова Гүлжанар мен  Құдыре Зәуре, Саухимова Тұрсынай мен Омархан Раушан, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жұмабай Салтанат пен Сариева Гулизар, Уралбаева Майра мен Таспулатова Меруерт, физика пәнінің мұғалімдері Тынысбекова Эльмира мен Сейтқұлова Майра, математика пәнінің мұғалімдері Бейсенбі Гүлмира мен Бердібаев Юлдаш. Осы  мұғалімдерді және семинарда сабақ өткен мұғалімдерді облыстық және аудандық алғыс хаттармен марапаттады. Семинар соңында қорытынды барысында семинарда сабақ өткен мұғалімдерге және қатысқан мұғалімдерге арнайы сертификаттар берілді. Семинар өз дәрежесінде өтті.

Б.Оңтаев жом бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Жұмабай С.

Қараспан аймағының модераторы: Куанышбекова А.