Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оңтүстік аймақтың жетекші мектептерінің Форумы өтті

2019 жылдың 10-11 қазанында Педагогикалық шеберлік орталықтардың Шымкент қаласындағы филиалы өткізген Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймақтың жетекші мектептерінің «Жаңару жаршысы-2019» атты I Форумының жұмысына қатыстық.
Іс-шарада Оңтүстік өңірдің Жетекші мектептері жұмысындағы өзекті мәселелері талқыланды. Форум барысында Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының Жетекші мектептері ұжымдарының тәжірибесі ұсынылды.
Форум жұмысының пленарлық отырысындағы сөз сөйлегендер қазақстандық мектептерде жүзеге асырылып жатқан реформалардың анағұрлым өзекті қырларын ашып, өзгерістер тиімділігінің қажетті алғышарттарының бірі болып табылатын, жалпы білім беру мектептері педагогтерінің желілік жұмысы мен еліміздің түрлі өңірлері педагогтерінің желілік өзара әрекеттестігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Форум сияқты аймақаралық шараларды өткізу бастамалары маңыздылығы аталды.

Форум аясында секция жұмыстарында ҚР жаңартылған білім беру жүйесіндегі сабақтар қандай болу керек? Серіктес мектептермен жүйелі жұмысты қалай ұйымдастыру керек? Педагогикалық қоғамдастықтың мәдениетін дамыту контекстіндегі мектеп активтерінің жұмысы, заманауи мектептерді инновациялық басқару, жетекші мектептердегі әлеуметтік жобаларды дамыту, ЖОО-да кәсіби даярлық үдерісінде түлектердің бәсекеге қабілетті моделі сынды тақырыптар талқыланды.
Форум Жетекші мектептер қызметіне тың серпін беріп, олардың қол жеткізген жетістіктерімен бөлісуімен қатар, мәселелерді ашық талқылаулар нәтижесінде кәсіптік өсу мен дамудың жаңа ауқымын айқындайтын кәсіби өзара әрекеттестіктің жаңа тәсілдерінің үлгісі болды.