Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз

158  Ұстаз деген ұлы сөз. Ұстаздар-мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес.Ертеңгі мемлекеттің болмысы-ұстаздың бүгінгі тәлімінде. Ұстаздар баланың шамын жағу үшін қызмет етеді, ол дегенің баланың санасына білім мен ой тастай білгеніміз жөн ол үшін ұстаз білімді сауатты болған дұрыс. «Мұғалім – ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқуды,ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деген нақыл сөзді әрбір ұстаз назарда ұстағаны абзал. Ұстаз ондай сауаттылықты қайдан алады, әрине «Өрлеу» институтынан алады. Сондықтан да біз үшін «Өрлеу» институты керек.

  Ұстаз өздігінен білімін дамыта отырып,өз мамандығы мен қызметіне қарай 2-3 жылда бір рет білімін жетілдіруі қажет. Біз, яғни тарихшылар осы мақсатпен «Өрлеу БАҰОАҚ» ОҚО бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру институтына білім жетілдіру курсына келіп, қазанның 5-17 аралығында өз білімімізді толықтырып құнды мағлұматтарға қанықтық. Курс жетекшісі — Әлімбекова Ажар Бостанқызы бастаған білімді де білікті ұстаздардан 2 апта бойы білім мен қажетті ақпараттар алдық. Түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысып, өзімізді толғандырып жүрген сауалдардың шешімін таптық.Заман талабына сай білімдендіру сияқты мәселелерді талқылап, дәріс тыңдап, топпен, жұппен жұмыстар жасау арқылы білімімізді толықтырдық.

  Курстың осындай ерекшелігімен қатар облысымыздың түкпір-түкпірінен келген тарих пәнінің мұғалімдері бір-бірімен тіл табысып,жылы қарым-қытынаста болып, өз іс-тәжірибелерімізбен де бөлісіп пікір алмастық,қимастық көңіл-күймен оқуды аяқтадық. Біздің біліктілігімізді көтеруге жағдай жасап,маңызды, қажетті оқу курсын ұйымдастырылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының ұжымын,ұстаздарына шексіз алғысымызды білдіреміз.Жас ұрпақтың қамын ойлап білім кемесінде жүрген барша ұстаздарға толағай табыстармен шығармашылық өрлеу,асқар асулар тілейміз.

Ізгі  тілекпен: «Өрлеу БАҰОАҚ» ОҚО бойынша білім жетілдіру курсының тыңдаушылыры тарих пәнінің мұғалімдері