Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жеке тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді басқару туралы рефлексия таныстырылымы

 105«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтытының Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері А.М.Болганова мен Ж.Ж.Кансеитова 2015жылдың 15 қазанында «Жеке тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді басқару туралы рефлексия» таныстырылымы бойынша шебер-сынып өткізді.

   Шебер-сыныптың мақсаты: мұғалімдердің жеке тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді басқару туралы рефлексия таныстырылымын құру; таныстырылым дайындау барысында негізге алынатын критерийлерді анықтау; таныстырылымды бағалау бойынша рубрикаторларды талдау.

106   Талдау барысында тренерлер  екінші бетпе-бет кезеңіндегі 4 аптаның 1-3 күндер 3 (базалық) деңгей мұғалімі дайындайтын таныстырылымды бағалауда әр слайдта қамтылатын таныстырылымның мазмұны, сонымен қатар таныстырылымдар үш негізгі критерий бойынша бағаланатыны,  таныстырылымды суммативті бағалау проформасы  туралы өз ойларын талқылауға салды.